Астанада EXPO-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттердің бірінші кездесуі өтуде.
Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан шараға әлемнің 86 мемлекетінен 200 өкіл, Халықаралық көрмелер бюросының басшылығы, ЭКСПО Комисссары хатшылығының қызметкерлері, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері қатысуда. Отырыс екі күнге жалғасады.
«Шара міндеттерінің бірі - әлеуетті халықаралық қатысушыларды Қазақстанның EXPO-2017 көрмесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті әкімшілік материалдық ресурстарға ие екенін көрсету», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.
Сонымен қатар, ертең Астанада Халықаралық форум жұмысын бастайды. Форум барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ департаментінің басшылары көрме жобаларының басты салалары бойынша таныстырылып өткізеді.
Форумға қатысушылардың назары Қазақстанда «Болашақ энергиясы» симпозиумын өткізуге орай қолға алынған жұмыстарға аударылмақ. Сондай-ақ, көрме тақырыптарын талқылау жоспарланған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.