Жамбыл облысында EXPO -2017 көрмесіне дейін ірі жел электр станциясы салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында EXPO -2017 көрмесіне дейін ірі жел электр станциясы салынбақ

05.09.2014
Жамбыл облысында  EXPO -2017 көрмесіне дейін ірі жел электр станциясы салынбақ

Шу ауданында жалпы құны 550 миллион АҚШ доллары болатын жел электр станциясы (ЖЭС) салу көзделуде, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.

«Бүгін Шу ауданына жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевқа Шоқпар ауылындағы жел электр станциясының  құрылыс жобасы таныстырылды. Жоба құны - 550 миллион АҚШ доллары. 

Бұл баламалы энергия көздері саласындағы жобаны Астанада өтетін EXPO -2017 халықаралық көрмесіне дейін жүзеге асыру көзделуде. Жаңа ЖЭС-тың қуаттылығы тәулігіне 250 МВт-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Қазақстандық «WINDHAN» компаниясы латвиялық инвестормен құрылыс жұмыстарын келесі жылы бастайды. Аталған жоба Қазақстан бойынша ең ірі жел электр станцияларының бірі болмақ», - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, бүгінде Жамбыл облысында жалпы қуаттылығы 15 МВт болатын  5 ЖЭС нысаны жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу