
Қазақ елін алдағы жылдары күтіп тұрған басты оқиғаның бірі - EXPO-2017 халықаралық көрмесі. Шара 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өтеді.
Көрмеге 95 ел, 8 халықаралық ұйым қатысады. Елордаға 3 миллионға жуық турист келеді, деп күтілуде.
EXPO көрмесінің 163 жылдық тарихы бар. Оны өткізудің арқасында беделі артып, көл-көсір пайдаға кенелген мемлекеттер жеткілікті.
Қазақ елінің алдында EXPO 2010 жылы «Жақсы қала - жақсы өмір» атауымен Қытайдың Шанхай қаласында өтті.