Павлодарлық cтудент Марсты зерттеуге арналған робот ойлап тапты
EXPO-2017 көрмесіне жас шеберлер де үлес қоспақ. Павлодарлық Егор Коптиков Марстызерттеуге арналған робот ойлап тапты. 17 жастағы жас талапкердің жасаған құлтемірі қашықтықтан басқарылады. Ол үшін блютузы бар ұялы телефон ғана қажет.
Ультрадыбыстар арқылы робот температура ылғалдылығын өлшеп, кедергілерді анықтай алады. Кеңістікте өз бетінше қозғалады. Жүру жылдамдығы автоматты түрде реттеліп отырады.
Егор Коптиков оған «Пит» деп ат қойыпты. Енді павлодарлық талантты жастар бірігіп роботты жетілдіре түсудің жоспарын жасап жатыр.
Егор Коптиков, колледж оқушысы:
Егер ол адамды, жануарларды және басқа да жылжитын денелерді анықтай алса, тамаша болар еді. Бәлкім, біз оны да жасармыз. Сонда аспан әлемін зерттеуге үлес қосқан боламыз ғой. Әзірге роботымыз автопилот режимінде кедергілерді айналып өту мүмкіндігіне ғана ие.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10