EXPO-2017 көрмесіне кіру билеттері дайындалмақ
Еліміздегі тау-кен өндірісінің көлемі 5 есе артпақ. 2030 жылға дейін еліміздің тау-кен металлургия саласында бірнеше кен орны іске қосылады.
Бұл туралы саланы дамыту жөніндегі арнайы жоспар-жобаның таныстырылымында айтылды. Мәселен, 2015 жылы Ақтоғай кен орнынан жоғары сапалы мыс өндіру межеленіп отыр.
Төлеген Мұқанов, «Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен-металлургия кәсіпорындары» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары:
Соколов-Сарыбай кен комбинатында біз тек қана көмір, темір рудасын шығарып отыр едік. Енді келешекте құны 1,5 миллиард тұратын 90 пайыз металы бар өнім шығармақпыз.
Баспасөз конференциясында туризмді дамыту жөніндегі жоспар туралы да айтылды. Еліміздің Туризм индустриясы комитетінің есебінше, Астана қаласында өтетін халықаралық EXPO көрмесіне шетелден 2 миллиондай мейман келеді деп күтілуде. Жоба бойынша әлемдік көрмеге арнайы кіру билеттері дайындалмақ. Қонақтардың бір ғана билет арқылы көрме аясында өтетін шаралардың барлығына қатысуына мүмкіндік жасалмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07
СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты
04.04.2026, 20:05
Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
04.04.2026, 20:05