Елімізде жаңартылған энергия көздерін өңдейтін 31 нысан салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңартылған энергия көздерін өңдейтін 31 нысан салынады

07.10.2013
Елімізде жаңартылған энергия көздерін өңдейтін 31 нысан салынады

2020 жылға қарай елімізде қуаты 1 гигаватт болатын жаңартылған энергия көздерін өңдейтін 31 нысан салынады. Бұл - жасыл экономикаға көшкелі отырған ел үшін маңызды қадам. Бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай деп мәлімдеді.
 
Жел, су, күн және биогаздан қуат өндіретін мұндай станциялар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында сәтті жұмыс істеп тұр. Биыл жыл соңына дейін қуатты 9 мегаваттық тағы осындай бірқатар нысандар пайдалануға беріледі.
 
Бұл жұмыстардың барлығы - «ЕХРО -2017» көрмесіне дайындық барысында жүзеге асып жатқан жобалар. Сонымен қатар, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Астана ЕХРО -2017» ұлттық компаниясымен бірлесіп, көрмені ұйымдастырудың тұжырымдамасын әзірледі. Осы тұжырымдаманың аясында Евразиялық стратегиялық ғылыми, технологиялық және инновациялық хаб құру жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу