Астанада «Болашақ энергиясы» форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Болашақ энергиясы» форумы басталды

29.06.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызды шараларының бірі - «Болашақ энергиясы» форумы басталды. 12 кезеңнен тұратын келелі кеңестің алғашқы бөлімі «Энергетикалық төңкеріс» тақырыбына арналған. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар адамзаттың игілігі үшін жаңартылған энергия көздерін игерудің жолдары мен мәселелерін ортаға салуда. Пікір алмасу мен тәжірибелер тоғысының нәтижесінде «Болашақ энергиясының» маңыздылығы мен мақсаттары жайында манифест дүниеге келмек. Бұл құжат баламалы қуат көздерін игеру мен дамытудың жобаларын жасауға бағытталады. Форум аясында бірқатар бастамалар көтеріліп, келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу