Бразилияның ең ірі қалаларының бірі Сан-Паулуда жүздеген такси жүргізушілері өз көліктерімен орталық көшелерді бөгеп тастады. Акцияға қатысушылар Uber таксиінің интернет-сервисіне қарсылық білдіріп отыр.
«Uber» сервисі жолаушыларды қажетті жерлеріне апаруға дайын жеке көлік жүргізушілерімен байланыстырады. Жеке көлік иелері такси жүргізушілері тәрізді қымбат лицензия алып, қауіпсіздікке қатысты қатаң ережелерді сақтауға міндетті емес. Сондықтан, кәдімгі такси компаниялары «Uber» арқылы жұмыс істейтіндерді қарақшылық үшін айыптауда.
Мадина МҰҚАНОВА