Колумбияда «Uber» таксиіне қарсы жаппай шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда «Uber» таксиіне қарсы жаппай шеру өтті

24.10.2017

Колумбия астанасы Боготада мыңдаған такси көлігінің жүргізушілері шерулетті. Олар тұрғындар арасында «Uber» таксиіне деген сұраныстың артуынан шығынға батып жатқандарын айтады. Тіптен, олар өздерінің жұмыссыз қалғандарына шағымдануда. Шерушілер қаладағы басты көлік жолдарын жауып, ереуілге қатыспаған көліктерді зақымдап, полициямен қақтығысқан. Тәртіп сақшылары оларды тарату үшін газ қаруын қолданған. Ал, «Uber» компаниясы болса, өзінің тұтынушыларға қауіпсіз әрі сенімді қызмет көрсететінін мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу