Наурыз айының соңына дейін ШҚО-да 655 IT сынып ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз айының соңына дейін ШҚО-да 655 IT сынып ашылады

22.02.2019

Ал, күзге дейін 378 білім ошағына Назарбаев Зияткерлік мектебінің үлгісі бойынша мектеп жабдықтары жеткізіледі. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген облыс әкімі мәлімдеді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов былтырғы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, өңірді одан ары дамыту бойынша басты бағыттарды айқындады.

Жалпы, 2018 жыл Шығыс өңірі үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша табысты болды. Атап айтсақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша Шығыс Қазақстан көш бастап тұр.

Рауиля Беттібаева, облыс тұрғыны:

- Мен өте қуаныштымын, ризамын. Біздің кішкентай бүлдіршіндер бастауыш сыныптан бастап осы IT кабинетте оқуларын дамытып жатса, ертең олардан Қазақстан Республикасының білімді азаматы шығады деп сенемін.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу