Ақтөбеде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда

28.05.2018

Шаһардағы тағы бір мектепте IT кабинет ашылды. Бұл оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. Дәл осындай сыныптар жуырда тағы үш мектепте іске қосылады.

Жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, кабинеттің әрқайсысына 4 млн. теңге қаражат бөлген. Жыл соңына дейін облыстың 20 мектебінде IT сынып ашу жоспарланған. Оның сегізі қалада болады. Заманға сай жабдықталған кабинетте балалар робототехника ілімін меңгеріп, ғылыми-зерттеумен айналысады.

Дархан Төлеухан, оқушы:

- Біз онда көптеген роботтарды жасай аламыз және ендігі болып жатқан жарыстарға дайындала аламыз.

Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу