ШҚО-дағы мектептерде 277 IT-сынып ашылды

02.11.2018

Шығыс Қазақстандағы мектептерде 277 IT-сынып ашылды. Сонымен қатар, Семей мен Өскемендегі екі колледж жанынан IT-орталық құрылды. Бұл жерде бүгінге дейін 500-ден астам мұғалім өз білімдерін шыңдады. Жыл соңына дейін IT-сыныпта сабақ беретін тағы 115 мұғалімді біліктілікті арттыру курсынан өткізу көзделіп отыр. Жаңа оқу бағдарламасын Семей қаласындағы электртехникалық колледж мамандары өздері жасаған. Жыл соңынан дейін облыстағы орта мектептерде тағы 205 IT-сыныбын ашу жоспарда. Бұл туралы бүгін «Нұр-Отан» партиясы облыстық филиалының 21-ші есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. 

Азат Сарыпбеков, Электртехникалық колледж директоры:

- Негізгі мақсат - еліміздің, ұлтымыздың жас жеткіншектерін білімді, білікті, өз маманының иесі ретінде көру. Қазір беріп отырған нәтижелер де бар. Түркия мемлекетінде, 29 мемлекеттен 850 оқушы қатысқан осындай жарыста біздің IT-орталықта дайындалған оқушы 1-орынға ие болды. Жаңа ғана осындай қуанышты хабар келді.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу