«Ақылды ферма» жобасының игілігі

14.01.2019

Биыл Қостанай облысында пилоттық негізде енгізілген «Ақылды ферма» жобасы өнідірістегі экономикалық өсімді қамтамасыз етті. Бүгінде қостанайлық шаруалар ірі қараның жай-күйін онлайн режимде бақылай алады. Арнайы компьютерленген қондырғы сиырдың сүттілігін арттырумен қатар, мал басының жылдам көбеюіне де ықпал етеді. Мысалы, бұрын орташа есеппен 100 сиырдың соңына 67 бұзау еретін болса, енді бұл көрсеткіш 100-ге дейін жеткен. Жалпы, 2022 жылға дейін өңірде дәлме-дәл егіншілік жүргізетін 5 цифрлық, 6 смарт ферма ашу көзделіп отыр.

Мұхтар Мұсабаев, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

- Қостанай мемлекеттік университетінің базасында «Парасат» цифрлық хабы өз жұмысын бастады. Бұл жерде біз фермерлерді сыныптарда оқытып және арнайы тәжіриеблік алаңдарда жаңа технологияға үйрететін боламыз.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу