Ақтөбеде медицина саласын цифрландыру 72 пайызға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде медицина саласын цифрландыру 72 пайызға жетті

14.03.2018

Сәуір айында бұл көрсеткішті 100 пайыз ету көзделген. Бүгін Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған Премьер –министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев өңірдегі сандық технологияның даму қарқынымен танысты. Мәселен, «Ақтөбе» әуежайындағы «Қазпошта» терминалы арқылы кез келген жолаушы сапарға шықпас бұрын берешегін төлеп кете алады. Терминалдар Әділет министрлігінің деректер базасымен сәйкестендірілген. Ал, аймақтағы мектептер электронды күнделікке көшіп жатыр. Бұл жобаның ерекшелігі сол, ата-ана арнайы қосымшаны смартфонға жүктеу арқылы баласының мектептегі үлгерімін бақылайды. Медицина саласында 18 қызмет электронды форматқа көшкен. Тіпті, рентген сынамасының өзі бұрынғыдай пленкаға шығарылмайды. Электронды түрде беріледі. Жалпы, цифрландыру бағдарламасының ілгерілеуі барлық салада байқалады. 

Айжан Құдайбергенова, №3 қалалық емхана қызметкері:

- Бұл қосымшаны ұялы телефоныңызға жүктеп алсаңыз болады. Қосымшаға төлқұжатыңызды енгізесіз, бізге сұраныс жібересіз. Біз қабылдағаннан кейін өзіңізге қажет ақпаратты, бекітілген дәрігеріңізді көруге болады.

Хабарламаларға жазылу