Ұлттық киім брендке айналуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық киім брендке айналуы тиіс

26.03.2016
Ұлттық киім  брендке айналуы тиіс
Шымкенттік Ғани Көбеевті бүгінде жұрт тігіншілік және дизайнерлік өнердің қыр- сырын қыз-келіншектерден артық меңгерген ер азамат ретінде таниды.

Шебердің қолынан шыққан дүниелердің басты ерекшелігі күнделікті киім үлгілерінің өзі ұлттық нақыштағы оюлармен көмкеріліп, өзара үйлесім тапқан. Сәукеле, қажекей мен камзолдар той томалақ, мереке думаннан бөлек кезде де киіп жүруге ыңғайлы.

Сән әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар ісмердің бүгінде өз мектебі бар. Ғани әлемдік және шығыс елдерінің сән үлгілерін үзбей қадағалап отыруды дағдыға айналдырған. Себебі, бұл оның қиялына қанат бітіреді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу