ШЫҰ мобильді ұйымға айналуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ мобильді ұйымға айналуы тиіс

26.09.2023

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Ол-Қазақстан ұйым төрағасы ретінде тараптардың бірлескен күш–жігерін Шанхай ұйымының қызметін жетілдіруге бағыттауға дайын екендігін білдірді. Қазіргі жағдайда бізге заманауи қауіп-қатерлерге тиімді жауап бере алатын мобильді ұйым қажет - деді министр.

Қазақстан тарапы ұйым жұмысын жетілдіріп, заман талабына сай бейімдеу қажеттігін ұсынды. Атап айтқанда Шанхай ұйымының қызметін жетілдіру, халықаралық ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен ынтымақтастықты жандандыру, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды ілгерілету жөнінде пікір алмасты. Бас Хатшы Чжан Мин қазір қазақ елінің төрағалығын жоғары бағалап, басқа да мүше мемлекеттердің белсенділігін ерекше атап өтті.


нью-йорк БҰҰ

Хабарламаларға жазылу