Алматыда «Этно fashion - Дала дидары» атты сән кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Этно fashion - Дала дидары» атты сән кеші өтеді

20.11.2018
Алматыда «Этно fashion - Дала дидары» атты сән кеші өтеді

22 қарашада Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай «Ерке-Нұр» сән театырының «Этно Fashion - Дала Дидары» атты сән кеші өтеді.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс», делінген.

 

«Ұлттық киім – ұлттық рух» ұранымен өтетін шараның басты мақсаты - ұлттық киім тарихын зерделеу арқылы ұлт тағдырын зерттеуге қызығушылықты арттыру,  жастардың эстетикалық талғамын арттырып, ойы мен қиялын ұштау, оларды осы тараптағы ізденістерге жетелеу, ұлттық нақышты өнім тудыруға шабыттандыру, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу,  отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке баулу, сондай-ақ, қазақтың әдебиеті мен өнер-біліміне қызығушылықтарын арттыру; 

 

Бар өмірін ат үстінде өткізген көшпенділер құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығында, салқын самалы мен аңызақ желіне қамсау болар киімнің түр–түрін ойлап тапқан. Яғни, табиғатпен біте қайнасып, жер еміп еркін өскен бабаларымыз дүниенің шексіздігіндей кең даланың дидарын жылдың төрт мезгіліне арналған киім үлгілеріне сыйдырған.

 

Аталмыш сән шарасында көпшілік назарына ұсынылатын ұлттық киім үлгілері арқылы, ең алдымен, қазақтың осы шабыттың қайнар-бұлағындай табиғат-шебермен етенелігін таныту көзделеді.

 

Өтетін орны: Алматы Mega Center (Розыбакиев,247а). Сағат 18:00-де.   

Байланыс телефоны: 8775 750 5709

Хабарламаларға жазылу