Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқу эстафетасының әлемдік сипат алуына себепші болған кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқу эстафетасының әлемдік сипат алуына себепші болған кім?

14.07.2019

Осы апта даладан қалаға дейін, баладан данаға дейін Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жарыса оқыды. Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүрген Шынар Шәкен есімді журналистің игі бастамасы әп-сәтте жалпыхалықтық шараға айналып кетті. Оған Ләйлім атты оқушының ұлы ақынның өлеңін оқу эстафетасын Президентке жолдауы сеп болды. Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдап, миллиондаған фанаты бар Димашқа жолдап еді, челлендж әлемдік сипатқа ие болды. Қазақтың маңдайына біткен Құдайберген Димаштың жолдауын қолдауға асыққан шетелдіктер Абайдың кітаптарын сатып ала бастапты. Мамырдың соңында Мемлекет басшысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын жоғары деңгейде тойлау жөнінде жарлыққа қол қойған еді. Халық мұны жарлықсыз-ақ орындайтын сыңайлы. Өйткені ұлтының ұлына айналған хәкім Абайға деген құрмет те зор, сүйіспеншілік те шынайы. Кішкентайынан Абай жырларын жаттап жүріп, Президенттің өзіне өлең оқытқан Ләйлім қыз кім? 

Хабарламаларға жазылу