«Астана» халықаралық қаржы орталығы аз уақытта аймақтағы ең ірі қаржылық хабқа айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы аз уақытта аймақтағы ең ірі қаржылық хабқа айналды

07.07.2019

Енді аптаның өзге де айшықты оқиғаларын түгендеп өтейік. Еуропа мен Азия, әлемдегі екінші экономика Қытай мен Ресей ортасындағы халықаралық қаржы хабы. 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы бастамасын көтерді. Бұл тек елдегі емес, Азия аймағындағы экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін құрылған ірі орталық еді. Осыдан тура бір жыл бұрын, 5-шілдеде ЭКСПО көрмесінің базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастады. Сингапур мен Дубайдағы тәжірибесін зерттеп, зерделеп, соның негізінде ашылған ірі қаржылық ХАБ бір жыл ішінде біршама жетістікке жетті. Орталықтың құқықтық статусы шегеленіп, шетелдік инвесторларға бұрын-соңды болмаған салықтық жеңілдіктер мен арнайы визалық режим ұсынылды.

Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығында болып, жаңа сот ғимараты мен халықаралық төрелік орталығын ашты. Енді барлығын рет-ретімен Дулат Әбибуллаев айтсын.

 

Хабарламаларға жазылу