Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистермен жүздесті
Мемлекет басшысы осы аптада Ақордаға жүзден астам отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін жинады. Бұл оның тілшілер қауымымен еркін форматта алғаш жүздесуі.
Бір сағатқа созылған кездесуде қазақ, орыс, ағылшын тілінде 30-дан астам сұрақ қойылды. Полиглот Президент ешқайсысынан тосылған жоқ. Президенттіктің алғашқы күнін журналистермен кездесуден бастаған ол сайлаудан кейінгі алғашқы әсерін де солармен бөлісті.
Тілшілерді, әсіресе, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын қызықтырғаны «Тоқаев мемлекетті басқаруда қандай әдіс-тәсілді ұстануы мүмкін?» деген сауал болды.
Былайғы жұрт біздерді төртінші билік санайды, билік пен бұқара арасындағы көпірге балайды. Байқағанымыз Президенттің де журналистерге деген құрметі ерекше. Сөз басында-ақ, ол мұндай кездесулерді дәстүрге айналдыратынын айтты. Ешқандай ғаламтордағы сайттарға санкция салынбайтынын, кәсіби жұмыстарына кедергі келтірілмейтінін мәлімдеді.
Журналистер тарапынан қойылған сауал да сан саланы қамтыды. Сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін бе? Қазақстанда Атом электр стансасы салына ма? Интернетті бұғаттау қашан тоқтайды? Және Дипломат, Президент болмаса, Тоқаев қазір қандай мамандық иесі болуы мүмкін еді? Сауалдардың жауабын тілшіміз Шынар Асанқызы Президенттің өз аузынан естіп қайтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы