Премьер-Министр Асқар Мамин апта соңында Шымкент қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Асқар Мамин апта соңында Шымкент қаласына барды

19.05.2019

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Асқар Мамин апта соңында Шымкент қаласына барып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму барысын тексерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Шымкент – Орталық Азияның қуатты экономикалық орталығына, қонақтар мен тұрғындарға арналған қолайлы жағдайлар жасалған ірі әрі тартымды мегаполиске айналуы тиіс.

Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында «Жұлдыз» көпсалалы индустриялық аймағы және мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін қамтамасыз етуге бағытталған «Шымкент» агро-индустриялық аймағының жұмысымен танысты. Үкімет басшысының жұмыс сапары одан әрі Түркістан қаласында жалғасты. Асқар Мамин облыс орталығында бой көтеретін халықаралық әуежайдың іргетасын қалау шарасына қатысты. Айта кетейік, әуежайдың құрылысын түркиялық инвесторлар жүргізеді. 900 гектар аумаққа терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланып отыр. Халықаралық әуежай 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Премьер-Министрдің Түркістан облысына жұмыс сапары аясында жалпы сомасы 1,97 миллиард  доллар болатын 5 құжатқа қол қойылды.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу