Осы аптада әлемнің ақыл-ойлылары мен абыройлылары қазақ астанасына ат шалдырды. Жаһандық экономикада есім-сойлары белгілі эксперттер, халықаралық ұйым өкілдері, төрткүл дүниеге жол салған трансұлттық компания басшылары, «көк қағазы» көп миллиардер инвесторлар Астана экономикалық форумында бас қосты. Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын салмақты пікір алаңына бес мыңнан аса адам арнайы келген екен. Еуразия кеңістігінде аты қалыптасып үлгерген ауқымды форум биыл 12-ші мәрте шымылдық түрді. Жер-жиһанның 70-тен астам елінен келген жүздеген маманның ғаламдық мәселелерді шешудегі ұтымды ұсыныс, тың пікірлері талқы таразысына түсті.
Жалпы, 11 жыл ішінде форум Қазақстанға әлемнің 150 елінен 50 мыңға жуық делегатты жинады. Оның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаты, 30-дан астам жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткер бар.
Нәтижесінде, 20 млрд доллардан астам қаржыға 300-ден аса меморандум мен келісім жасалды.
Ал биылғы форумның басты месседжі не? Төрт тарапты толғандырған нендей проблемалар қозғалды, қандай сарапшылар сөз алды?
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ