Ақ үйден Ақордаға хат келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ үйден Ақордаға хат келді

19.05.2019

Апта басында мұхиттың ар жағынан АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның тұңғыш президентіне хат жолдап, алдағы бастамаларына табыс тіледі. Елбасыға АҚШ жетекшісінің сәлемдемесін біздің елдегі дипломатиялық миссия басшысы Уильям Мозер табыстады. Дональд Трамп мемлекетті 30 жылдай басқарған Назарбаев өзін өнегелі басшы ретінде көрсеткенін және осы жылдар бедерінде Қазақстан үлкен жетістіктерге жеткенін атап өткен. «Сіздің өткен жылғы Ақ үйге сапарыңыз – АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақты нығайтуға жасалған маңызды қадам. Біз елдеріміз арасындағы қатынастардың берік іргетасын қалай білдік және мен Америка бизнесінің Қазақстанмен экономикалық ынтымақты дамыту үшін жаңа бағыттарды іздеуін жалғастырып жатқанына қуаныштымын», - делінген хатта. Елбасы Дональд Трамптың хаты үшін алғыс айтып, қос елдің достығы жалғасатынына сенім білдірді.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу