Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат шаралары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат шаралары басталды

12.05.2019

Еліміздің басты саяси бәйгесі - президент сайлауы жақындап келеді, ал оған дайындық күн өткен сайын қызуда. Бір ерекшелігі, президенттікке кандидаттарды тіркеу шаралары мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл — үміткерлерге сайлауалды кампаниясын жүргізу үшін көбірек мүмкіндік туғызды.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысатындар үшін кеше келесі маңызды кезең басталды. Яғни, кеше кешкі сағат 18:00-де сайлауалды үгіт-насихат шаралары басталды.

Үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, ақпарат құралдары арқылы өздерінің сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізіп, бағдарламаларымен таныстыруды бастап кетті.

Осы тұста мына мәселені айта кетеу керек, «Qazaqstan» Ұлттық арнасы да заң аясында барлық үміткерлерге теңдей мүмкіндік береді. Кезекті материалымыз саяси аламанға түсіп жатқан 7 кандидаттың сайлауалды үгіт жұмыстарына қатысты.

Хабарламаларға жазылу