Мамыр айы мерекеге толы. Мерекелі, берекелі айдың Алаш жұрты үшін тағы бір айрықша датасы бар. Осы мамырда еліміз қазақтың аса дарынды, арынды ақыны, үш бәйтеректің бірі - Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығын атап өтуді бастап кетті. Ақынның «Күй», «Күйші», «Дала», «Құлагер» секілді классикалық шығармалары - ешқашан ескірмейтін, жылдар жылжыған сайын сан қырынан жарқырай беретін мәңгілік поэзия.
«Ілияс Жансүгіров - өртеңге шыққан, құдіретті өрт ақын. Ақындық бауырын Құлагерше жазып үлгере алмай, Құлагерше қапыда мерт болды», - деп жазыпты сыншы Сағат Әшімбаев. Отызыншы жылдардың ойранында ұлы ақын жазықсыз оққа ұшты. Дәл қазір қазақ поэзиясының Құлагері - Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан үзіндіні диктор Мұхамедәлі Болатұлы оқиды. Бейнебаянды әзірлеген - Әлімжан Сабыржанұлы.