Сайлау-2019. Президенттікке үміткерлер мәлім болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2019. Президенттікке үміткерлер мәлім болды

28.04.2019

Біздің жұртта «той десе қу бас домалайды» деген әдемі мақал бар. Аламанның дүбірі естілгелі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың да делебесі қозып, дегбірі кетті. Жалпы, саяси партиялар да, қоғамдық ұйымдар да өз құрылтайларын жасап, ақылдасу үшін алқалы жиындарын өткізіп, ортақ шешімге келді. Олардың көпшілігі осы апта үкілеген үміткерлерін ұсынды. Қазіргі кезде кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға ниеттілердің саны – 8. Ресми тіркеуден өткен еліміздегі жеті партияның төртеуі өз үміткерін ұсынса, қалған төртеуі әртүрлі қоғамдық ұйымдардың атынан додаға қатыспақ. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар атынан президенттік сайлауға кімдер түседі? Ержан Қалымбайұлы баяндайды.

Хабарламаларға жазылу