Хорватиядағы президенттік сайлауда елдің экс-премьері жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хорватиядағы президенттік сайлауда елдің экс-премьері жеңіске жетті

06.01.2020
Хорватиядағы президенттік сайлауда елдің экс-премьері жеңіске жетті

Хорватиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде оппозициялық Социал-демократиялық партияның атынан сайлауға түскен елдің бұрынғы премьер-министрі Зоран Миланович жеңіске жетті.

Мемлекеттік сайлау комиссиясы бюллетендердің 99 пайызын тексеріп шығып, Милановичтің 53% дауыс жинағанын мәлім етті. Елдің қазіргі президенті Колинда Грабар-Китаровичтің нәтижесі - 47%. 

Бірінші кезеңмен салыстырғанда, президенттікке үміткерлер арасындағы айырмашылық екі есеге артты, алайда әлеуметтік сауалнама бойынша екінші кезеңде айқын көшбасшы болған жоқ. Дауыс беру нәтижесі билік басындағы Грабар-Китарович қолдайтын «Хорватия демократиялық достастығы» партиясы үшін үлкен соққы болды. 

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап Еуропа Одағында төрағалық ететін Хорватияда осы жылдың соңында парламент сайлауы өтеді.

euronews.com Фото: 24tv.ua

Хабарламаларға жазылу