Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

14.04.2019

Қара алтынға толы қазынаның үстінде отырған үш өңір болса, соның бірі - Маңғыстау. Қазақ мұнайының шамамен 25 пайызы осында. Жылына он сегіз миллион тонна мұнай мен үш миллиард текше метр табиғи газ шығарады. Донор өңір. Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен аймаққа ат басын бұрды.

Екі күнге созылған сапардың кестесі өте тығыз болды. Алғашқы күні Президент төрт бірдей нысанға соғып, өңірдің экономикалық, әлеуметтік жағдайына қанықты. Сосын қалың жұртшылықпен қауышты. Бар қазақ қадір тұтқан баһадүр батырлар мен 362 әулиенің киелі мекеніне Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметі ерек. Ол елдіктің тірегі болған өңірге тәу еткелі келгенін айтты. Бірақ Мемлекет басшысының қырына іліккен ыңғайсыз жайттар да кездесті. Жағымпаздық, жалбақтық деуге келе қоймас, бірақ Ақтаудағы ақжағалы ұлықтар сапар қарсаңында Тоқаевтың суреттерін көше бойына қаз-қатар іліп үлгеріпті. Ұққанымыз, Мемлекет басшысы құр дабыра мен даңғазаны құп көрмейді. Науқаншылдыққа жаны қас. Әкімдерге жемқорлықпен күресте, кадрларды іріктеу кезінде нені назарда ұстау қажеттігін айтты. Шынар Асанқызы толығырақ баяндайды.

Хабарламаларға жазылу