Куәлігімізде жыпырлаған сандар бар. Жеке сәйкестендіру нөмірі дейміз. Қазір осы ЖСН-ның қателігінен жапа шеккен жан көбейді. Әйелді ерге айналдырып, тірі адамды көрге кіргізіп, бизнестің берекесін шайқап, зейнетақысынан қағып, тоқетерін айтқанда, сау адамның жүйкесін жұқартуға осы жеке куәлік кесір болып отыр.
Иә, жеке сәйкестендіру нөміріндегі 12 саннан ел азаматтары әуре-сарсаңға түсіп, сан соғып жүр. Құжатсыз қимылдаудың қиындығын білесіз. Әйтсе де, куәліктеріндегі кемшіліктерді түзете алмай, әлеумет әлі әр есіктен әділет іздеп әлектеніп жүр.
Ендігі үміттері - Мәжілісте. Бір мәнісін депутаттардан күтеді. Ал құзырлы органдар шаруасын реттей алмай шапқылаған шарасыз адамдар туралы хабардар болса да, өздеріне шаң жуытар емес. Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің кері. Жүйке жұқартқан мәселені Нысаналы Ығыл нысанаға алды.
Нысаналы ЫҒЫЛ