Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Абу-Дабиде басталған Дүниежүзілік Жазғы Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Бұл шараға оны Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян арнайы шақырған болатын.
190 ел қатысатын Олимпиаданың ашылу рәсіміне санаулы ғана мемлекеттің басшылары шақырылыпты. Қадірлі қонақтардың арасынан Қазақ басшысына көрсетілген ілтипат ерекше болды.
Бұл сайыс негізінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетінін айта кету керек. Сондықтан, Ойынның алғашқы күнінде Мемлекет басшысының қастарынан табылуы қазақстандық спортшылар үшін үлкен қолдау болды.
Тілшіміз Шынар Асанқызымен сұхбатында олар «қоржынымыз қомақты болады», деп уәде берді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ