Үкіметтің құрамы жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтің құрамы жаңарды

03.03.2019

Апта басындағы ауыс-түйіс сол күні-ақ жауырыншыларды даурықтырмай, Үкімет құрамының 70 пайызға жуығын жаңартып, қайта жасақтап салды. Министрлер кабинетінде екі ведомствоның атаулары өзгеріп, атқаратын істері жаңадан нақтыланды. Кілең қырықтың қырқасы мен елуді еңсерген жаңа Үкіметтің құрамында алпысты алқымдаған екі-ақ министр бар. Екеуін де ел жақсы біледі. Бірі - Бердібек Сапарбаев, екіншісі - Күләш Шәмшидинова. Жаңа Үкіметтің мақсат-мұраты бір. Қалың жұртты қапаландырған мәселелерді қазір шешіп, ең әуелі елдің әлеуметтік ахуалын түзеуі тиіс. Бұны Президент Мәжіліске барған кезде де, кейін «Nur Otan» партиясының съезінде де қайта-қайта айтты. Қатаң тапсырды. Қысқа қайырғанда жаңа Үкіметтің бұл құрамына қойылатын талап қатты. Ал, ол талап-тілектің үдесінен шығуға жаңа құрам қаншалықты қауқарлы. Айбек Қобдабай тарқатады.

Хабарламаларға жазылу