Астанада қандала көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қандала көбейді

24.02.2019

Қандала дейтін жәндік бар. Аты қаншалықты сүйкімсіз болса, адамға келтірер зияны да соншалықты. Әсіресе, астаналықтар, сіздерге жақсы таныс болса керек. Олай дейтініміз, қазір қалада құдды жасырын эпидемия жүріп жатқан тәрізді. «Қандалаға таландық» деп дабыра болған ешкім жоқ. Бірақ қансорғыштан қашып, пәтерден пәтерге көшіп жүргендерді жиі көріп жүрміз.

Мамандар Астанадағы қандаланың алғашқы ошағы 2011 жылдары байқалғанын айтады. Сол кездері елорданың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі тұрғындардың үйінен қандала шығып, біраз әбігерге түскен екен. Бұл жерде көбінесе жалдамалы пәтерлер болған. Кейін пәтерден пәтерге сабылған сол елмен бірге қандала да жөңкіле көшеді. Қаланың өзге аумақтарын түгел жаулап алады. Астанада паразиттермен күресетін 50-ден астам кәсіби дезинфекциялық ұйым бар. Солардың әрқайсысы күніне кемі үш пәтерге тазалау жұмысын жүргізеді. Осыған қарап-ақ, жасырын эпидемияның жайылу аумағын аңғара беріңіз.

Қандала тез кө­бейетін, ұзақ өмір сүретін жәндік. Қауіптілігі сол - қандай да бір жұқпалы аурумен ауыратын адамның қанын сорған қандала екінші сау адамға сол сырқатты жұқтыруы мүмкін. Оның көзін өздігіңізден жойып тына алмайсыз. Өткен айда ғана ақтаулық тұрғынның базардан алған препаратпен қандаланы улаймын деп көршісінің өліміне себеп болғанын естіген боларсыздар. Жалпы, мұндай төтенше жағдайлар жиі қайталанады. Шынар Асанқызының репортажы.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу