Парижді қандала басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижді қандала басты

05.10.2023

Келесі жылы Олимпиада өтетін Франция астанасы Парижде қандала қаптап кетті. Қансорғыш жәндік елдің басқа қалаларында да көбейген. Зиянкестерді қазір үйлерде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық көлікте, кинотетарларда және өзге де орындардан көптеп кездестіруге болады. Француз Үкіметі Олимпиада кезінде олардың адамдарды шағуына жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеп отыр. Мамандардың пайымынша Францияға қандала шілде-тамыз айларында жол жүрген адамдардың жүгімен жетсе керек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу