Оңтүстік Кореяда қандаламен күрес қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда қандаламен күрес қызу жүріп жатыр

10.11.2023

Оңтүстік Кореяда қандала көбейіп кетті. Ел астанасы Сеулде жәндіктермен күрес науқаны басталған. Метро пойыздарында орындар залалсыздандырылып, тұрғын үйлерде ыстық бумен өңдеу жүргізілді. Өзге де қоғамдық орындарда зиянкестермен күрес 1 ай бойы өтеді. Шара ел аумағында қандала ондаған нысаннан табылғаннан кейін қолға алынып отыр.

 Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу