27 ақпан күні ел өмірінде елеулі шешімдер қабылданады. Себебі дәл сол күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді. Бас партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында партиялық органдардың есебі тыңдалып, «Нұр Отанның» 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы талқыланады.
Сонымен қатар, саяси ұйымның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, партия Саяси кеңесінің құрамы жаңартылады. Президент Үкіметті отставкаға жіберуге қатысты арнайы мәлімдемесінде «Нұр Отан» съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шара ұсынатынын айтқан болатын.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Үкімет пен өңірлердің иелігіндегі қаражат көзделген мақсатқа сай жұмсалмай отыр. Мұның бәріне бақылау орнатылады. Осы тақырыптар жөнінде «Нұр Отан» партиясының съезінде толығырақ айтылатын болады», - деген еді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.