Мемлекет басшысы «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті

24.02.2019

Әңгіме барысында мұнай-газ саласындағы инвестициялық ынтымақты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Озық технологияларды қолдана отырып, жаңа көмірсутегі кен орындарын іздестіру үшін бірлескен жұмыстар жүргізу керектігі айтылды.

Сондай-ақ, еліміздің Энергетика министрлігі әзірлеп жатқан 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыруға Ресей компанияларының атсалысу жайы қозғалды. «Лукойл» басшысы Қазақстан аумағындағы жағармай материалдарын шығаратын зауыт құрылысының нәтижелері жөнінде мәлімет берді. Мұнан басқа Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі «Жеңіс» жобасымен таныстырды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу