«Қар барысының жер бетінен жоғалып бара жатқанына адамдар кінәлі». Бұл зоология институтының аға ғылыми қызметкері Алексей Грачевтің сөзі.
Дүниеде 12 мемлекеттің аумағында 6 мыңға жуық барыс бар. Оның 100-ден астамы Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай, Тарбағатай тауларын мекендейді. Әлі күнге дейін олардың нақты саны ғылымға белгісіз. Бұған қар барысының құздың басында, көзден таса тіршілік етуі себеп.
Қазақ «биік шың патшасы» деп қастерлейтін қар барысының тағдыры қыл үстінде тұр. 90-ыншы жылдардың басында барыс «Қызыл кітапқа» енді. Оның тағы бір аты - Ілбіс. Түркі тілінде бұл – қар мысығы деген мағына береді. 30 жылда қатары екі есеге сиреген қар мысығының ізімен тілшіміз Ғабит Бөкенбай мен Олжас Берікбаев арнайы экспедицияға барып келді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.