Басты Жаңалықтар Елбасы Астанада өрт салдарынан қаза болған 5 баланың ата-анасына көңіл айтты

Елбасы Астанада өрт салдарынан қаза болған 5 баланың ата-анасына көңіл айтты

Апта басы аспан айналып жерге түсті. Дүние астаң-кестең. Басқа қалада емес, бас қалада бір отбасының бес бірдей бейкүнә сәбилері тірідей тілсіз жаудың құрбаны болды. Өрт күллі қазақтың өзегін өртеп, құлқын дейтіндердің емес, жұртым дейтіндердің құлтамақтарына өксік тығылды. Айдың күннің аманында бес періштесінен айырылған бейбақ ана мен әке қан жылады, жұрттың санасы сансырады. Қоғамнан неге бұлай деп сан сұрады. Өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты. «...Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.

Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу