Сот шешімі шыққан соң неше күннің ішінде орындалуы тиіс? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот шешімі шыққан соң неше күннің ішінде орындалуы тиіс?

27.01.2019

Сот шешімі қашан да орындалуымен құнды. Өйткені, үшінші биліктің беделі шығарған шешімнің санына емес, сол шешімнің уақытылы орындалуына да байланысты. Алайда, мемлекет атынан қабылданатын біздегі кейбір сот шешімдері ұзақ жыл сөзбұйдаға салынып, сөрелерде шаң басқан күйі қалады екен.

Тіпті, шындық іздеп шырылдаған талайлардың ісі Біріккен Қлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне дейін жеткені жасырын емес. Бұл жағдай сот шешімдеріне ғана емес, оны шығарған судьяға да, сол сотқа қатысып жеңіп шыққан адвокатқа да, сот орындаушыларына да сенімсіздік тудырары анық.

Елімізде мемлекеттік сот орындаушыларынан бөлек, 2 мыңға жуық жеке сот орындаушылары жұмыс істейді. Бірақ, құқық қорғаушылардың өздері келтірген бейресми мәліметке сүйенсек, жыл сайын шығарылған сот шешімдерінің небәрі 43 пайызы ғана уақытылы орындалады. Оның өзі коммуналдық төлемдерді қайтару немесе алимент өндіру секілді тұрмыстық мәселелер. Ал, миллиардтаған берешегі барлардың мұртын балта шаппайды.

Жалпы, сот шешімі шыққан соң неше күннің ішінде орындалуы тиіс? Уақытылы орындалмаған шешімнің сұрауы кімнен?

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу