Басты Жаңалықтар Қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы шарт заңды күшіне енді

Қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы шарт заңды күшіне енді

20 жылға созылған мәселеге биыл нүкте қойылып, елімізбен шектесетін бесінші мемлекет Қырғызстанмен ел іргесін айқындаудың құқықтық процедурасы осылайша өз мәресіне жетті.

Жалпы, қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын белгілеу жұмыстары 1999 жылы басталып, 2001 жылдың соңына қарай аяқталған. Көршілес екі мемлекттің басшылары қол қойған жалпы шекараны анықтау туралы келісімді екі елдің парламенттері 2008 жылы ратификациялаған. Одан кейін мемлекеттік шекараны демаркациялау ісі басталған.

Сол мезгілде екі тарап арасында шекараның үш тұсына және Шу өзеніне қатысты шешімін таппаған шетін мәселелер бар еді. Жылдарға созылған келіссөздер нәтижесінде барлық мәселе шешілді, реттелді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу