Мемлекет басшысы «Equus: жылқының тарихы» деректі фильмінің екінші бөлімінің тұсаукесеріне қатысты
Мемлекет басшысы сонымен қатар, осы апта «Қазмедиа» орталығына келіп, «Equus: жылқының тарихы» атты деректі фильмнің екінші бөлімінің тұсаукесеріне қатысты. Ерекше туынды Канада, Германия, Франция және Қазақстан секілді елу мемлекеттің ұлттық телеарналарында көрсетіледі. Ол режиссер-антрополог Найоби Томпсон бастаған канадалық түсірілім тобы мен қазақстандық зерттеуші-продюсер Нұрбол Баймұхановтың туындысы. Фильмде Қазақстан аумағындағы жылқыны қолға үйрету өркениеті ғылыми зерттеулер мен жаңа ақпараттық технологияларға негізделе отырып көрсетілген. Жылқыны қолға үйрету адамдар арасындағы байланыстың жаңа жүйесін құрып, қоныс аудару мен жаңа ұлттардың, ежелгі мемлекеттердің пайда болуына тікелей әсер еткен. Жылқының тарихы туралы фильм жаппай прокатқа көктемде шығады. Мемлекет басшысы сондай-ақ, Орталық коммуникациялар қызметінің жаңартылған баспасөз орталығының жұмысымен де танысты. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған орталық көпфункционалды медиа-алаң ретінде жұмыс істейді.
Ержан ҚАЛЫМБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы