Елімізде 18 млн. халықтың 20 пайызын жастар құрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 18 млн. халықтың 20 пайызын жастар құрайды

27.01.2019

Тәуелсіздік ұрпақтарының елге деген сезімі мен ертеңге деген сенімнің биіктігін, танымы мен тағылымының да тереңдігін көрдік. Астанаға келгендер Отанымыздағы озат жастардың бір шоғыры ғана. Әйтпесе, еліміздің түкпір-түкпірінде сәйгүліктей жарап, тастүлектей түлеген жас буын өкілдері жетерлік. Жастарды жасытпай, сенімін қамшылап, демеу үшін Тәуелсіздік жылдары талай құжатқа жаңа буынның жағдайына негізделген тарау енді.

Тіпті, бертінде Жастар саясаты туралы арнайы заң да қабылданды. Статистикалық тұрғыдан, бұл белсенді қауымның үлес салмағына бір көз жүгірткен артықтық етпейді. Қазақстанда 18 миллионнан астам халық болса, соның 20%-дан астамы жастар екен. Яғни, 4 миллион адам. Оның 2,5 миллионға жуығы ауылдық жерлерде тұрады, қалғаны қаланы мекен-тұрақ еткен. Ал, белсенді буынның мәселесімен айналысу үшін ресми тіркелген жастар ұйымдарының саны — 600-ге жете қабыл.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу