Аграрлық салаға серпін керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аграрлық салаға серпін керек

29.08.2017

Отандық нарықтағы тауар өндіруші мен сатып алушы арасындағы делдалдардың көптігі еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермей отыр. Бұл түйткіл әсіресе, аграрлық салада анық байқалады. Мәселен, жұмыспен қамтылған жандардың 18 пайызы осы салада істегенімен, өндірілетін тауар жалпы ішкі өнімнің небәрі 4-5 пайызын құрайды. Демек, өндірілген өнімнен түсетін пайданың көбі делдалдың қолында кетеді деген сөз. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласын техникамен жабдықтау деңгейі төмен. АҚШ, Австралия елдерінде бір гектар жерді күтіп, баптауға 20-25 трактор бөлінсе, Қазақстанда бір гектар жерге бар-жоғы бір трактор тиесілі. Бүгін Астанада ұлттық компания өкілдері мен сарапшылар бас қосып, салаға серпін берудің жолын талқылады.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу