Ұлттық халық санағы: Қазақстандықтардың саны - 19 169 550 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық халық санағы: Қазақстандықтардың саны - 19 169 550

12.12.2021

Осы аптада Президентке күзде өткен халық санағының қортындылары туралы Премьер-Министрдің есеп бергені туралы хабарланды. Үкімет басшысы қазақстандықтардың саны 19 169 550 деген. Елдің әлеуметтік жағдайынан хабар беретін есеп әлі дайындалып жатқан шығар, әзірге мынадай сандар:

Әйелдер - 51,8 процент, ерлер үлесі - 48,2 процент.

Халықтың орташа жасы - 31,9.

Еңбекке жарамды адамдардың саны  - 11 320 410.

Ал этникалық құрамға келсек, қазақтар 70,18 процентке жеткен. Біз елең еткен тағы бір мәлімет: 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 33,97 процентті құрайды, ал 14 пен 28 аралығындағы жастар 19,72 процент.

Енді мынадай ақпар: Ресейдің Росстаты жыл басында ел тұрғындарының орташа жасы - 40,4 деген. Әрбір төртінші немесе 36,9 млн адам зейнет жасында. Ал балалар мен жасөспірімдер елдің 17,7 процентін құрайды.


Хабарламаларға жазылу