Бизнесті дамыту үшін берілетін грант көлемі 1,2 млн теңгеге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнесті дамыту үшін берілетін грант көлемі 1,2 млн теңгеге өсті

11.02.2022

Бизнесті дамыту үшін жастарға берілетін грант 1 млн 200 мың теңгеге өсті.

Еңбек министрлігінің өкілдері биыл 20 мың адамға грант беру жоспарланып отырғанын айтты. Қаржылай қолдау жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын өз ісін ашып, оны бастапқы құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге жастар практикасы және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын жас мамандардың жалақысы 30 АЕК-ке дейін өседі. Олар енді 12 емес 18 ай осы жобаларға қатыса алады. Биыл жастар практикасына кемінде 22 мың адамды жіберіледі.


Хабарламаларға жазылу