Жарқын болашақтың кілті – сандық технологияларда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарқын болашақтың кілті – сандық технологияларда

20.01.2019

Мемлекет басшысы түрлі мінберден бұл ойды жиі айтады. Иә, дамудың даңғылына түскен, бәсекеде піскен елдердің тәжірибесі бұл сөздің шыққан күндей шындық екенін дәлелдеп берді.

«Алдағы 5 жылда технологиялық төңкеріс нарықтағы нар компаниялардың 40 пайызын жұмыссыз қалдырады» деген долбар бар. Міне, қапыда қалмас үшін, Президент экономиканы цифрландыруды қолға алуды тапсырды. Әзірге, біздің елде жұмыс үрдісінің 90 пайызы қолмен жасалады екен. Демек, күллі экономиканы цифрландыру үшін қырып шаруа тындыру қажет. Әсіресе, озық отыз елдің ортасынан ойып тұрып орын алу үшін ең алдымен цифрлық технологияларға иек артқан абзал.

«Биг дата», «смарт сити», «электронды үкімет», «интернет», «ақылды үй» деген дүниелер тұрмыстан тұрақты орын алды. Көз үйренді, көңіл сенді, күмәнді жеңді. Қазір Қазақстан цифрландыру бағдарламасын қабылдаған әлемдегі 15 мемлекеттің қатарында тұр.

Сонымен, бес құрлыққа берері мол цифрлы болашақ дегеніміз не? Бұл сауалға шолушымыз Ғабит Бөкенбай жауап іздеп көрді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу