Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» жобасымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» жобасымен танысты

20.01.2019

Бертінгі жылдар бедерінде қазақ қоғамында «цифрландыру» тренд сөзге айналды. Өйткені, жұмыр жердегі түрлі жұрт, түрлі қауым жыл санап, ай санап, тіпті, апта мен күн санап, цифрландыру дәуірінің сиқырлы әлеміне еніп барады, «игілікті игерсем» деп желіп барады. Біз де бұл көштен қалмауымыз керек. Қалмау үшін, самғауымыз керек.

Қазақстанда Астанадан кейін тағы бір «ақылды қала» пайда болды. Ол Астанадан шалғайда емес, 110 шақырымда жатқан Ақкөл шағын шаһары. Қалада барлығы цифрландырылған. Тұрғындардың көңілдері өскен, үйлер де, қоғамдық көліктер де, аурухана мен мектептер де түгел сандық жүйеге көшкен. Жаңа жүйе әлемді әбігерге салған кибершабуылдарға да төтеп бере алады.

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сол «ақылды қалаға» арнайы барып, «Smart Aqkol» жобасымен танысты. «Қазақтелеком», «Tengrilab» және Еуразиялық топтың бірлескен қанатқақты жобасы толық аяқталып, қазір сәтті жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі көз қуанып, көңіл сүйсінетіндей. Жергілікті жұрттың өмірі жайланып, Ақкөл қауіпсіз қалаға айнала бастады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу