Уақыт деген шымшықтың тұмсығындай, кекіліктің құйрығындай. Күні кеше ит жылын қарсы алып жатқан едік, ол да міне, жылыстап барады. Күпірлік айтпаймыз, 365 күннің өз ырысы мен ырыздығы болады, сондықтан, әр жыл қазақ үшін қастерлі. Өтіп бара жатқан ит жылы да Қазақ мемлекеті үшін, қазақтың ішкі-сыртқы саясаты мен экономикасы үшін жаман жыл болды дей алмаймыз. Халықтың басы аман, бауыры бүтін күйде доңыз жылына да жеттік. Жыл түйінделер тұста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық БАҚ өкілдерімен дидарласып, сауалдарына жауап беретіні үзілмейтін үрдіске айналды. Биылғы жыл несімен ерекше болды, есте қалды? Қандай әп дегізген «бәрекелділер» мен қап дегізген «әттеген-айлар» болды? Болашақ бағыт-бағдарымыз қалай өрбиді? Өздерін толғандырған осы тақылеттес сан сауалға тілшілер Президенттен тұщымды жауап алды.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.