Бұл мәртебелі билік анау-мынау мемлекетке ұстата бермейтін саяси тізгін. Қауіпсіздік Кеңесі – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күресетін, оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс құзыры кең, құрығы ұзын орган. Осы сенімді Қазақ мемлекеті абыроймен атқарып шықты. Қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ұйымның бас кеңсесі орналасқан Нью-Йорк қаласына сапарлап, әлем алдында баяндама жасады.
Жалпы, еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жауапты миссиясы осыдан бір жыл бұрын жаңағы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігінен басталған еді. Былтырдан бері Қазақстан автоматтың ұңғысынан түтін сейілмеген Ауғанстан мәселесі, шиқандай асқынған Таяу Шығыстағы терроризммен күрес және Африкадағы содырлар мәселесін реттеуге қал-қадірінше араласты, ширыққан шиеленістерді шешуге талпынды. Еткен еңбек еш кетпегенге ұқсайды.
Нұрбол ҚАПЕШОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.