Басты Жаңалықтар 2018 жыл Қазақ елінің саясат алаңында қандай оқиғалармен айшықталды?

2018 жыл Қазақ елінің саясат алаңында қандай оқиғалармен айшықталды?

Жалпы, Мемлекет басшысының жұмысы бұл - Жарлық пен заңдарға қол қойып, кездесу өткізу ғана емес. Шынтуайтында, шаруасы шаш етектен. Біз бәрін жазып жүрміз, айтып жүрміз дегеннің өзінде, оның жұмысының 90 пайызы ақпарат құралдарының назарынан тыс қалады екен. Тіпті, Елбасы бір сөзінде күніне небәрі 3 сағат қана ұйықтайтынын айтқан еді. Оған дау жоқ. Өйткені, кейде бір күннің ішінде сағат белдеуі сәйкес келмейтін бірнеше елге қатар сапарлауына тура келеді. Кейде ел мүддесі жолындағы мәселелерді шаршы топта сағаттап талқылайтын кездер де болады. Мұның мықты денсаулықты, күш-қуат мен психологиялық және эмоциялық энергияны қажет ететіні анық. Бірақ, Президенттің мемлекет алдындағы, халық алдындағы жауапкершіліктен шаршадым деген кезі жоқ. Биыл Қазақстанның сыртқы-ішкі саясатында ауыз толтырып айтарлық жаңалықтар аз болмады. Солардың бірсыпырасы Мемлекет басшысының алыс-жақын шет елдерге жасаған ресми сапарларымен тікелей байланысты. Сонымен, биыл Нұрсұлтан Назарбаев 12 елге сапарлап барды. 12 елдің басшысымен, бұдан бөлек, түрлі саяси жиындардың аясында өзге де мемлекеттің лидерлерімен екеуара кездесті. Ел пайдасына шешілген жүздеген жілікті құжатқа қол қойылған. Саясат сахнасындағы бет-беделі бір төбе саналатын АҚШ басшысымен кездесуінің өзі неге тұрады?! Сондай-ақ, осы жылдың көктемінде Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанның түйісу нүктесі туралы шартқа қол қойылды. Ал, Ақтауда бес ел - Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран және Түрікменстан басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын Конвенцияны бекітті. Ең күрделі деген шекара мәселесін ши шығармай шештік. Қазақстан ТМД кеңістігінде құрлықта да, суда да мемлекеттік шекарасын заңды түрде шегендеген бірден бір елге айналды. Сағымдай алыстап бара жатқан осы жыл еліміздің саясат алаңында тағы қандай оқиғалармен айшықталды? Елбасымыз қай елдерге сапарлап, қандай әлемдік көшбасшылармен жүздесті? Қандай уағдаластықтарға қол жеткізілді?

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу